ҚМДБ Ақтөбедегі мешітте болған жағдайға пікір білдірді

ҚМДБ Ақтөбедегі мешітте болған жағдайға пікір білдірді
31.07.2025 18:18
0
363
Ақтөбедегі мешітте қызға тиіскен ер адамның әрекетіне Діни басқарма жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Ақтөбедегі Нұр Ғасыр мешітінің маңында болған жағдай қоғамда қызу талқыға түсті. Белгілі болғандай, белгісіз ер адам жергілікті тұрғын Эммануэлла Наурызбаеваға дөрекі сөздер айтып, бір реттік неке ұсынған. Бұл әрекет көпшіліктің наразылығын тудырды.

Аталған оқиғаға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми мәлімдеме жасап, ер адамның әрекетін қатаң айыптады.

"Мешіт - бұл қасиетті құлшылық пен рухани тәрбие орны. Онда әр адам әдеп пен адамгершілік нормаларын сақтауға міндетті. Исламда әсіресе әйел адамдарға бағытталған қорлау, дөрекі сөйлеу секілді әрекеттер қатаң айыпталады", — деп атап өтті ҚМДБ.

Басқарма ер адамның қызға қатысты орынсыз сөздерін тек дінге ғана емес, жалпы адамгершілікке де жат мінез деп бағалап, бұндай жағдайлар мешіт пен қоғамда болмауы тиіс екенін ескертті.

Сонымен қатар, ҚМДБ барша мұсылман қауымын сабыр мен салиқалылыққа шақырып, тексерілмеген, жалған ақпарат таратпауға үндеді.

Айта кетейік, мешітте келуші қызға тиіскен ер адамның қамалғаны жайлы айтқан болатыңбыз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий