«Дариғамен бірге болу – бақыт». Олжас Абай қандай шындықты айтты?
Соңғы кездері ел аузынан түспей жүрген Олжас Абай мен Дариға Бадықованың арақатынасы туралы белгілі болды. Ол жайында Олжас Абай masseget.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
Айта кетейік, 28 қарашадан бастап актриса, кинопродюсер Дариға Бадықованың "Таптым-ау сені-2" фильмі жарық көрді. Алматыда өткен фильмнің жабық көрсетіліміне түрлі медиа өкілдері мен блогерлер, әртістер жиналды. Фильмнің басты рөлінде - Дариға Бадықованың өзі мен актер, әнші Олжас Абай ойнайды.
Бұл жолы фильм бала сүйе алмай жүрген жандардың тағдырын суреттейді. Комедия жанры болғанның өзінде астарында үлкен мағына жатыр. Көрерменге ұнайды деген ойдамын. Дариға Бадықовамен бірге болу, бір жобада жұмыс істеу мен үшін бақыт. Үлкен тәжірибе алып жатырмын, - деді Олжас Абай фильм туралы.Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге ойын білдірді. Әлеуметтік желіде жарияланған жұлдызды жұптың суретіне қарап, көпшілік Бадықовамен Олжас Абайдың қосылғанын сөз қылған еді.
Бұл - үлкен құпия. Халық не сұрады, біз соны бердік. Қалғаны біздікі, - деп жауап берді ол бұл сұраққа.Олжас Абай "Таптым-ау сені-2" фильмінің тағы бір жалғасы болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, егер бұл жолы да көрерменнің көңілінен шығып, бәрі сәтті болып жатса, жалғасын табуы да мүмкін. Сондай-ақ актер өзі продюсерлік еткен "Тастаймын-ау сені" жобасы жайлы ойын айтты.
Таптым-ау сені-2" біріншісінен де асып түсуі мүмкін. Халықтың көңілінен шықса, жалғасы болады. Ал "Тастаймын-ау сені" менің проюдюсерлік еткен жобам болды. Өзін ақтағанымен, қосымша табыс түспеді. Өзіміз қақаған суықта түсірген едік. Оның үстіне батысты су басып кетті. Қысқасы, менің қадамым жүзеге аспай қалды. Қазір өзім бөлініп шығып, жеке-дара продюсер болсам деген ойым жоқ. Дариғамен бірлесіп жұмыс істеп жүргендіктен тәжірибе жинап жатырмын, - деді ол.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
06.12.2024
21:56
Қазақстанға контрабандалық темекілер қырғыз шек...
06.12.2024
18:38
Боранбаевтың бұрынғы сауда орталығында не ашылмақ?
06.12.2024
17:30
Энергетика министрі Франциямен атом энергетикас...
06.12.2024
17:25
"Түнімен көз ілмедім": Кенжебек Жанәбілов өмірі...
06.12.2024
16:28
Ұзақ күттірген Қарағанды-Балқаш трассасы пайдал...
06.12.2024
16:28
Анасы мен қызын өлтірген мұғалімге сот үкім кесті