“Қол жаюды кәсіпке айналдырған”: блогер жалғызбасты ананы сынады

Блогер Ырысбала Икрамбай 13,5 млн теңгені бермей қойды деген жалғызбасты анаға жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Гүлім Болатжанның айтуынша, халықтың қолдауымен жиналған 13,5 миллион теңге оған жетпей қалған. Себебі қайырымдылық қорын басқаратын Ырысбала Икрамбаева: «Сіз билікке қарсы екенсіз ғой» деп қаражатты беруден бас тартқан.
Ырысбала Икрамбай болса, қайыр сұрауды кәсіп етіп алған деп жалғызбасты ананың өзіне айып тақты.
"Мына әйелді танитындар бар ма? Гүлім Болатжан деген осы. Әлемдегі жалғыз періште, жылдар бойы мені қаралап жүр. Осы қатынға ғана Ырысбала үй бермейді екен, Асар-Уме тұруға жарамсыз үй береді екен. Төрт баланы қайда тастаймын дейді. 4 баласының үлкені 11-сынып бітіріп жатыр екен! Көмек қажет деп халыққа алақан жайып жүргеніне 11 жыл бітеді. Бұл қатынның мұқтаждығы қашан аяқталады? Қол жаюды намыс емес, кәсіп қылып алған бұл әйел", - деді ашуға булыққан блогер.
Сонымен қатар, Гүлім Болатжанның қарғыс сөздер жазған скринін бөлісті.
Соңғы жаңалықтар





