«Қолдан қолға өтіп...»: Айнұр Жүгінісова қыздарға ақыл айтты

Айнұр Жүгінісова желідегі парақшасында жас қыздарға ақыл айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, қазіргі қыздар Еуропаға еліктейміз деп түрлі оғаш қадамдарға барып жүр.
"Өмір көр, жігіттермен жүріп көр содан кейін таңдап тұрып байға шығасың" деп ақыл айтатын аналарды да көріп жатырмыз. Кезінде қазаққа ұят нәрсе қазір трендке айналды десек артық айтпаймыз. Баяғыда қыз бала алданып қалып жатады. Махаббат деген ұлы сезім ғой, ол жерде өмір болғаннан кейін алдану да болуы мүмкін. Сол кезде ата-ана уайымдап жерге кіретін тесік таппай, сол қыздың өмірін ойлап енді қалай болар екен дейтін, қазір Еуропаға еліктейміз деп өзіміздің болмысымызға жат нәрсені жасап жатырмыз. Жас қыздарға айтарым: біз алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз, алданып қалу оңай нәрсе емес. Бірақ одан кейін қолдан қолға кетіп қалмау жағын ойлауымыз керек", - деді "Ағайынды Жүгінісовтердің" анасы.
Соңғы жаңалықтар





