"Қолдарыңнан ештеңе келмейді": Халықаралық іздеу жарияланған Дана Орманбаева мәлімдеме жасады
"Ұлтаралық араздықты қоздырды” деп айыпталған Дана Орманбаева мәлімдеме жасады.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Мына ұсақ-түйек әбігерге түскендер менің өзімді менен тартып алғысы келетін сияқты.
Қалай елестетіп отырсыздар, «жақсы» мырзалар мен ханымдар?
Сіздер жеңіске жетеміз деп ойлайсыздар ма? Қалай?
Атымды тартып аламын дейсіздер ме?
Ол ешқашан да мүмкін емес.
Тағы нені тартып алғыларың келеді? Менің кәсібімді, тәжірибемді ме?
Біздің жобаларымыз әлдеқашан халықаралық деңгейде дамып, әлемде мойындалған.
Әрі қарай не? Беделімді ме?
Менің беделім – саналы адамдар арасында.
Ақыл-ойы ашық, басты мен қосымшаны айыра алатын,
ұрпағына ішкі байлық пен мейірімді жүрек қалдыруды мақсат ететін жандардың алдында менің өз орным бар.
Қарым-қатынасымды, ортамды тартып аламын дейсіздер ме?
Менің жанымда сүйікті жарым, ғажап балаларым,
қайнар бұлақтай таза шынайы достарым бар.
Менің әлемімде екіжүзділер мен қорқақтарға орын жоқ.
Бұл жағынан да қолдарыңнан ештеңе келмейді.
Маған сенетін, бұл сұмдық өтірікке емес, ақиқатқа құлақ асатын,
менің қасымда қалатын барлық жандарға алғысым шексіз!», — деді Дана Орманбаева.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын журналист, продюсер және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды.
Өткен жылы журналист Баян Алагөзовамен де соттасқан еді. Сол кезде ол Caravan.kz порталының тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген