“Қолындағы пышақ үлкен болды”: Нұрай ісі бойынша куәгер жантүршігерлік жайтты айтты

31.07.2026 18:10 Қарақат АСЫЛОВА
“Қолындағы пышақ үлкен болды”: Нұрай ісі бойынша куәгер жантүршігерлік жайтты айтты
225
Фото: 24kz

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында оқиға куәгерінің жаңа айғақтары жария етілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Куәгер әйелдің айтуынша, алғашқы сәтте ол сотталушы қызды пышақтап жатыр деп емес, ұрып жатыр деп ойлаған. Оның сөзінше, Нұрай қатты айқайлағанымен, ештеңе айта алмаған.

Әйел ер адамға полиция шақыратынын айқайлап ескерткен. Осыдан кейін айыпталушы кетіп бара жатқандай болғанымен, артынша қайта бұрылып келіп, үлкен пышақты алып шыққан да, қызға тағы бірнеше рет соққы жасаған.

Куәгердің айтуынша, пышақтың жүзі шамамен 15–20 сантиметр болған және оның көлемі қараңғыда да анық көрінген. Ол қайталанған шабуылдан кейін Нұрайдың даусы шықпай қалғанын жеткізді.

Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, сотталушы Шерхан Аймахан жәбірленушіге 30-дан астам пышақ жарақатын салған. Прокуратура бұған дейін оның Нұрайды ұзақ уақыт бойы аңдып, қайта-қайта хабарласып, үйінің маңында күтіп жүргенін және бір рет күштеп алып кеткенін де мәлімдеді.

Ал сотталушының өзі болған оқиғаны есіне түсіре алмайтынын айтқан. Дегенмен, іс материалдарына сәйкес, сот-психиатриялық сараптама оны есі дұрыс, әрекетіне жауап бере алатын адам деп таныған.

Войдите, чтобы оставить комментарий