Қонаев пен Балқаш әкімдері курорттардағы бейберекет үшін жазаланды

Қонаев пен Балқаш әкімдері курорттардағы бейберекет үшін жазаланды
22.07.2025 08:56
0
454
Коллаж: POLITICO.KZ (Сурет: gov.kz)

Курорттардағы бейберекет үшін Қонаев пен Балқаш қалаларының әкімдері сөгіс алды

Ел азаматтарының шексіз шағымдарынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі туристік аймақтарды шұғыл түрде ретке келтіруді тапсырды. Сонымен қатар, жауапты лауазымды тұлғаларды анықтап, жауапкершілікке тарту міндетін жүктеді.

Осы тапсырма аясында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев жетекшілік еткен ведомствоаралық жұмыс тобы өңірлерге аттанып, Капшағай, Алакөл және Балқаш курорттық аймақтарында тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде инфрақұрылымның әлсіздігі, қызмет көрсету сапасының төмендігі, қауіпсіздік пен санитарлық талаптардың сақталмауы сияқты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Аталған тәртіпсіздіктерге байланысты бірнеше шенеунік жауапкершілікке тартылды:

  • Туризм және спорт вице-министріне, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстары әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды;
  • Қонаев, Балқаш қалаларының және Алакөл ауданының әкімдеріне сөгіс берілді;
  • Кәсіпкерлік, туризм, экология, сәулет және сауда салаларына жауапты облыстық басқарма басшыларына тәртіптік шаралар қолданылды;
  • Экология, денсаулық сақтау, туризм және басқа да сала басшылары жазаланды.

Үкімет мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша туристік инфрақұрылымды дамытуға арналған Жол картасы әзірленеді. Бұл құжат саланың жүйелі проблемаларын шешуге бағытталған нақты шараларды қамтитын болады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий