Қонаевта көпқабатты үйдегі пәтерде газ жарылды: зардап шеккендер бар
Алматы облысы Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде газ-ауа қоспасы жарылған, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Қонаев қаласындағы төрт қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болған.
Оқиға орнына Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді.
Екі адам жарақат алып, Қонаев қалалық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Жарылыс салдарынан пәтердің ішкі қабырғалары, сондай-ақ есік пен терезе ойықтары зақымданған.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жарылыс болған пәтер табиғи газ жүйесіне қосылмаған. Басқа пәтерлер қосылған.
Ауруханаға түскен 2 азаматтың жағдайы қалыпты, орташа жағдайда, дәрігерлердің бақылауында.
Зардап шеккендерге заң аясында қажетті көмек көрсетіледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
16:03
Астанадағы балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сор...
27.10.2026
15:54
Павлодарда волейболшы қызды ұрған жаттықтырушы ...
27.10.2026
14:23
«Адам тағдыры тұр»: Руслан Өтепбай сұмдық жайтт...
27.10.2026
14:15
Полиция формасын киген баланың әкесіне неге айы...
27.10.2026
13:57
Атырауда әйелдер дәретханасына сығалаған жігітк...
27.10.2026
13:14
Президент Әкімшілігінде ауыс-түйіс