"Қоқыс пакетке оралған": Саябақтан анасы мен баласының мәйіті табылды
932
Ватикан маңында волейбол ойнап жүрген екі әйел алғашында сәбиді байқап қалған, деп хабарлады POLITICO.KZ MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Spiegel басылымы жазды.
Олар алғашында мәйітті қуыршақ деп ойлаған. Сәбидің денесінен жарақат іздері анықталған.
Кейінірек оқиға орнын қарап жүрген тергеушілер жолдың қарсы бетіндегі бұта арасынан ересек әйелдің денесін тапты. Ол қап-қара қоқыс салатын пакетке оралған. Әйел киімде болғанымен, жеке құжаттары табылмаған.
Дененің бұзылуына байланысты кім екені әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, марқұмдар — ана мен қызы. Алайда бұл дерек ДНҚ сараптамасы арқылы нақты дәлелденуі тиіс. Қазірше не болғаны белгісіз, бірақ тергеу бұл жағдайды қасақана жасалған қылмыс болуы мүмкін деп отыр.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...