Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған

Қордайда 15 жастағы қызды кіндік әке-шешесі зорлап, оның көзінше жыныстық қатынасқа түскен, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы адвокат Азамат Талғатұлы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Адвокат қызды өткен жылы өз әкесі, ал осы жылдың наурыз айында кіндік әке-шешесі зорлағанын мәлімдеді. Күдіктілер қыздың үйіне жиі келіп, аралас-құралас болған. Олар кәмелет жасына толмаған қызды еркінен тыс қинап, ішімдік ішкізіп, кейін зорлаған.
Күдіктілер қыздың анасын алдап, қарызға ақша да алған. Алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалады. Кейін жәбірленуші қыз туыстарына бар жағдайды айтып береді. Бұл жағдай бойынша
Қордай аудандык полиция бөліміне арыз жазылып, КР ҚК -нің 121 бабымен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды.
Соңғы жаңалықтар





