Қорғалжында Жәнібек ханның қайта жерлеуі өтті
838
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек хан деп болжанған көшбасшының сүйегін қайта жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ ақпарат порталы.
Салтанатты рәсім 10 қыркүйекте өтіп, оған Қорғалжын ауданының әкімі Алмас Алин, сондай-ақ ғылым докторлары, профессорлар мен археологтар қатысты. Бұл оқиға тарихи әрі тағылымды шара ретінде бағаланды.
Айта кетсек, бірнеше жыл бұрын Қорғалжын аумағынан табылған ежелгі адам сүйектерінің арасында Жәнібек ханның сүйегі болуы мүмкін деген болжам жасалған болатын.
Сонымен қатар, жергілікті жердегі топонимикалық атауларға сүйенген зерттеушілер Қазақ хандығының екінші негізін қалаушы Керей ханның да зираты осы ауданда болуы мүмкін деп болжайды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...