Қорғаныс министрлігі сарбаздардың өлімінің жиілеуіне қатысты түсініктеме берді
Қорғаныс министрлігі сарбаздардың өліміне қатысты маңызды түсініктеме берді
Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Сұлтан Қамалетдинов сарбаздардың өлімінің жиілеп кетуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қамалетдиновтің айтуынша, ведомство қандай да бір бұзушылықтардың болу мүмкіндігін толық жоққа шығара алмайды.
"Кез келген адам, тіпті мен де, қателікке бой алдыруым мүмкін. Біз, әскери қызметшілер, жоғары тәуекелге ие қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қолданамыз. Сондықтан қандай да бір бұзушылықтардың болуын толықтай жоққа шығара алмаймыз. Нұсқаулықтар үнемі өткізіледі, бірақ штаттан тыс жағдайлар орын алуы мүмкін: адам бірдеңені ұмытып кетеді немесе ойда жоқ жағдайға тап болып, қажет алгоритмді орындамайды. Осындай жағдайлар өкінішке қарай қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады," – деді ол мәжіліс кулуарында.
Қорғаныс министрлігі мұндай оқиғаларды болдырмау үшін жұмысты күшейтуге және қауіпсіздік шараларын жақсартуға ниетті екенін атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
04.11.2026
18:13
«Барни» үшін болған жанжал: 19 жастағы Мадинаны...
04.11.2026
17:20
Боқтық сөздері үшін алматылық сот алдында жауап...
04.11.2026
16:54
Текеліде экскаватор 11 жастағы қызды қағып өлтірді
04.11.2026
16:03
Шымкентте спорт шеберін ұрлап өлтірген 6 адам с...
04.11.2026
15:21
«Әйел әлі тірі еді» Ақтөбедегі Неке сарайының б...
04.11.2026
14:59
«Салмақты мұра қалдырамыз»: Тоқаев «Халықтық құ...