Қостанайда дәрігерді ұрған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

10.10.2025 16:48 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Қостанайда дәрігерді ұрған ер адамға қатысты сот үкімі шықты
0
182

Қостанай облысында дәрігерді ұрып, жансақтау бөліміне түсірген Абылайхан Сәрінжіповке қатысты сот үкімі жарияланды деп хабарлайды POLITICO.KZ   «Алау» басылымына сілтеме жасап

Басылымының мәліметінше, айыпталушыға ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған қоса, моральдық зиян үшін екі миллион теңге және адвокат қызметі үшін 500 мың теңге төлеуі тиіс.

Тергеу барысында белгілі болғандай, оқиға болған күні Сәрінжіпов ауруханаға бүйрек ауруына байланысты жеткізілген. Біраз уақыт күткен соң оны дәрігер Кистанов қабылдаған. Алайда қабылдау кезінде екеуінің арасында сөзталас туындап, науқас дәрігердің ауыз тұсына жұдырықпен соққы жасаған. Соққыдан Кистанов жерге құлап, басымен қабырғаға соғылған. Салдарынан дәрігер ауыр халде жансақтау бөліміне түсті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий