Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін атып өлтірді
Қостанайда 37 жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Күдікті ретінде оның бұрынғы күйеуі танылып отыр. Ол қылмысты жасағаннан кейін өз еркімен полицияға келіп, кінәсін мойындаған.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша ер адам мемлекеттік құрылымдардың бірінде қауіпсіздік саласында жұмыс істеген.
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Алдын ала деректер бойынша, әйел тұрмыстық жанжал барысында алған оқ жарақатынан көз жұмған», — деп хабарлады полициядағылар.
Күдіктінің атына тіркелген аңшылық мылтық тәркіленді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралар жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
01.11.2026
18:08
Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының финалында р...
01.11.2026
17:34
Қазақстан шекарасынан өту қиындай ма? Шетелдікт...
01.11.2026
16:34
Науқас баланың әкесі дәрігерлерге шабуыл жасады...
01.11.2026
15:37
Аспанда әскери ұшақтар ұшады: Астана тұрғындары...
01.11.2026
14:30
Маңғыстауда балалар ауруханасында дәрігерге шаб...
01.11.2026
13:42
Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуіл...