«Қожаның» рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев ауыр дертпен күресуде

«Қожаның» рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев ауыр дертпен күресуде
07.04.2025 11:38
0
469
instagram.com/kanafina
Актер Нұрлан Сегізбаевтың еміне жұрт болып көмек жиналуда

Әйгілі «Қожаның» рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев бүгінде ауыр дертпен күресіп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл жайында журналист Жанар Қанафина әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Нұрлан ағамызға дәрігерлер өкпенің созылмалы обструктивті ауруының (ХОБЛ) 4-дәрежесі деген диагноз қойған. Мамандар оның өмір сүру мүмкіндігін шамамен жарты жыл деп отыр», – деді журналист.

Актердің ауыр жағдайына бейжай қарай алмаған желі қолданушылары оған қаржылай көмек көрсету мақсатында ақша жинауды ұйымдастырған. Жанар Қанафина көпшіліктің сұрауы бойынша Kaspi Gold шотының нөмірін де бөлісті.

Сондай-ақ журналист Нұрлан Сегізбаевтың отбасылық жағдайының да күрделі екенін атап өтті. Актердің жұбайы жақында ғана ауыр операцияны өткерген, ал ұлы аутизм дертімен күресуде. Осыған орай, журналист көпшілікті актерге жеке хабарласып, мазаламауға шақырды.

Нұрлан Сегізбаев көрерменге 1967 жылы дүниеге келген. Ол бала кезінен «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал болған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий