ҚҚС мөлшерлемесі сараланған болуы керек - экономист

ҚҚС мөлшерлемесі сараланған болуы керек - экономист
08.02.2025 12:39
0
449
kapital.kz

Экономист Қайырбек Арыстанбеков қосымша құн салығына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ҚҚС-ны арттыру экономиканың әр секторына қарай сараланып белгіленуі қажет, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Үкімет фискалды дилеманың алдында тұр. Бір жағынан, мемлекет алған қызметтерді орындауға қаражат қажет. Екінші жағынан бюджет тапшылығы байқалып жатыр. Сондықтан қосымша құн салығына байланысты ұсыныс, жалпы салық бойынша реформа осы екі мәселені шешуге бағытталған, - дейді экономист.

Оның айтуынша, Қазақстан экономикасы 5 секторға бөлініп кеткен. Олар: шикізаттың экспорты, ішкі экономика, инфрақұрылым, сауда және әлеуметтік сектор.

Осылардың ең табысы, жағдайы жақсысы - шикізаттық экспорт секторы. Осы салаға ҚҚС-ны 20%-ға арттыруға болушы еді, ал ішкі экономикаға бағытталған сектор мен инфрақұрылымға ҚҚС-ны 15%-ға көбейткенде жетеді. Осы тұста ел экономикасында сауда-саттықтың үлесі 17%-ға жетеді. Сондықтан бұл секторда ҚҚС-ны арттыру барлық тауардың қымбаттауына алып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында ҚҚС мәселен тағы бір қарастырып, пысықтауды ұсынды. Ол сондай-ақ мен айтып отырған ҚҚС мөлшерлемесінің сараланған болуы қажеттігін атап өтті, - дейді Қайырбек Арыстанбеков.

Оның айтуынша, ҚҚС-пен қатар елдегі көлеңкелі экономиканың да мәселесін түбегейлі шешу қажет. 

Бұл жердегі ең мағызды мәселе ҚҚС шағын және орта бизнеске қалай әсер етеді. Егер ҚҚС ұсынылған 20% деңгейінде қалғанда шағын кәсіпкерлердің барлығы дерлік қиналып қалады. Сондай-ақ бұл көлеңкелі экономиға алып келуі де мүмкі. Мәселен қазір бізде көлеңкелі экономика 18-20%-ға жеткен. Бұл дегеніңіз көлеңкелі айналымда 22-22 трлн теңге жүр. Осылардың бәрін заңдастырса, қосымша 2-4 трлн салық жинауға болар еді, - дейді сарапшы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий