Қуандық Бишімбаевтың інісі бостандыққа шығатын болды

Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановтың рақымшылыққа ілігуі туралы сот актісі заңды күшіне енді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Степногор қалалық соты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Бақытжан Байжановтың жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынымын қарастырды.
Оның өтелмеген жаза мерзімі үштен бірге қысқартылды. Барлық мәжбүрлі төлемдер мен процессуалдық шығындар толық көлемде өтелді, енді жаза мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн болып белгіленді.
Айта кету керек, осыған дейін Бишімбаевтың інісі рақымшылыққа өтініш бергенін хабарлаған болатынбыз. Кейін оның өтініші қанағаттандырылды.
Өткен жылдың мамыр айында азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты.
Бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді. Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Соңғы жаңалықтар





