Қуат Хамитов Дубайдағы турнирде сенсациялық жеңіске қол жеткізді
411
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (27-8-2) Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен ACA 194 турнирінде жеңісі жетті деп хабарлайды POLITICO.KZ
Бұл жолы ол ресейлік файтер Анатолий Бойкомен (12-4) жартылай орта салмақта күш сынасты. Үш раундқа жоспарланған айқаста төрешілер бірауыздан Қазақстандық файтерді мықты деп тапты.
Айта кетейік, бұл бәсекенің алдында сарапшылардың басым бөлігі Бойконы фаворит санаған еді. Алайда Хамитов рингтегі тәжірибесі мен тактикалық шеберлігін көрсете отырып, қарсыласын толықтай бақылауда ұстады.Ал бұл жеңіс Қуат Хамитовтың кәсіби мансабындағы 27 жеңісі болып тіркелді. Қарсыласы ресейлік файтер төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Еске сала кетсек, Хамитов соңғы рет 2024 жылдың мамыр айында әйгілі Александр Шлеменкомен (68-17-1) кездесіп, төрешілер шешімімен ұтылған.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
18:40
Асылбек Боранбаевтың жұбайы: Ұйғыр болсам да, ө...
24.08.2026
18:24
Боранбаевтың жұбайы: Қыздарым "әкем сияқты жігі...
24.08.2026
17:39
Шығыс Қазақстанда аю адамға шабуыл жасады
24.08.2026
17:38
Тоқаев шет ел басшылары мен халықаралық ұйымдар...
24.08.2026
17:11
Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте жоғары ...
24.08.2026
17:11
"12 жерінен пышақтап, 32 метр сүйреген": Абай о...