«Құдай салмасын Динара Сәтжанға жетіп алыпты»: TikTok жұлдызы Ерсін Есенаман ел талқысына түсті

05.12.2025 14:41 Айсұлу Мұрат
«Құдай салмасын Динара Сәтжанға жетіп алыпты»: TikTok жұлдызы Ерсін Есенаман ел талқысына түсті
0
66
Фото: TikTok жеке парақшасынан

TikTok-та танылып, елдің сүйіспеншілігіне ие болған Ерсін Есенаман тағы да жұрт назарында. Бұл жолы қарапайым контент түсіріп жүріп, танымал жүргізуші Динара Сәтжанның жанынан көрінген сәті желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Желі қолданушылары Ерсіннің тосын жетістігіне қуанып, оған ерекше қолдау білдіруде. Олардың айтуынша, қарапайым адамның қысқа уақытта танылып, түрлі шараларға шақырту алуы мақтанарлық жайт.

Пікірлер арасында әзіл де, таңданыс та көп:

«Құдай салмасын деп Тоқаевқа да жақындап қалды ғой!»
«Ерсінді елеп тұрған бұлар жоқ. Жай хайпқа салды. Байғұс артында қалды, бері шығарғылары жоқ»
«Құдай салмасын, біздің жігіт көтерілді!»
«Аффирмация күшіне сенетін болдым. ‘Мен жұлдызбын’ деп қоймайтын еді…» деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Ерсінді көпшілік «қарапайымдылығымен танылған TikTok жұлдызы» деп атай отырып, оның танымал тұлғалармен бірге жүруін мотивацияға балап жатыр.

Желі қолданушыларының сөзінше, бұл – «армандай алсаң, бәрі мүмкін» дегеннің нағыз дәлелі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий