“Құлағынан айырылды”: 10 жастағы баланы 3 ит талап тастады

“Құлағынан айырылды”: 10 жастағы баланы 3 ит талап тастады
01.07.2025 14:09
0
105
Фото: freepik.com

Алматы облысында кеше, 30 маусым күні төбелескіш тұқымдағы үш ит 10 жасоағы баланы талады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Оқиға күндіз, ауыл балалары жиі жиналатын футбол алаңында болған. Алаңға жапсарлас тұрған корейлік оңалту орталығының ауласынан жыртық қоршау арқылы үш ит шыққан. Куәгерлердің айтуынша, дәл осы орталықта қауіпті тұқымдағы төбелескіш иттер заңсыз түрде ұсталуы мүмкін.

«Біз бұл қоршаудың апатты жағдайда екенін бірнеше жылдан бері айтып келеміз. Әкімдікке де, учаскелікке де талай айттық. Бірақ нәтиже жоқ. Енді бір баланың өмірі үшін күресіп отырмыз», – дейді ауыл белсенділері.

Куәгерлердің сөзіне сенсек, балаға шабуыл жасаған сәтте жанынан өтіп бара жатқан екі азамат көмекке ұмтылып, иттерді әрең ажыратып алған. Ауыл тұрғынының бірі тіпті пышақпен бір итті жаралап, баланы өлім аузынан арашалап қалыпты.

«Бала құлағынан айырылды. Денесінде көптеген жарақат бар. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал иттердің иесі өзін кінәлі санамайды. Керісінше, баланы құтқарған адамды итті жаралады деп сотқа беремін деп қорқытып жатыр», – дейді ашуға булыққан тұрғындар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий