Құлсарыда 7 жастағы қызды қырыққа жақындаған еркек айуандықпен өлтірген

Құлсарыда 7 жастағы қызды қырыққа жақындаған еркек айуандықпен өлтірген
07.06.2025 11:01
0
1764
ашық дереккөз

Құлсарыды кішкентай қызды еңгезердей еркек айуандықпен өлтіріп кеткен, деп хабарлайды POLITICO.KZ Todayinfo сайтына сілтеме жасап.

5 маусым күні шамамен сағат 12:00-де Құлсары қаласында 2018 жылы туған қыз үй‌інен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Сағат 21:28 шамасында оның ата-анасы полицияға жүгінген.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 6 маусым күні түнгі сағат 02:19 шамасында баланың мәй‌іті Құрсай өзегінен табылды.

Баланы өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны жедел ұсталды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен қамауға алынды»,  — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жылыой аудандық полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазір оқиғаның барлық мән-жай‌ын анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық істің тергелуі Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының бақылауында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий