Құрманай Бақтиярқызының тұңғышы анасының соңғы сөзін айтты
1389
Жақында өмірден өткен Құрманай Бақтиярқызының тұңғышы nur.kz тілшісіне сұхбат беріп, анасының арманы туралы айтты.
Анам осы уақытқа дейін жеті операция,жеті рет наркоз қабылдады, 17 күн комада жатты. Осындай қиындықты өткергеннен кейін анама ештеңе етпес деп ауруханаға апарған едік. "Концертке дейін сәл күш жинап алайын" деп, анам ауруханаға жатты. Өз аяғымен барды, шұғыл жағдайда түскен жоқ. Айта кетейін, менің 26 қазанда туған күнім еді. Ал 25 қазанда анамды құттықтап, ауруханаға барып, шекесінен сүйіп қайттым. 26 қазанда туған күнімді тойладық, анаммен видеоқоңырау арқылы сөйлестім. "Қызым, алтыным, бәрі жақсы. Уайымдама. Мен осы жерден аттай болып шығамын. Алла қаласа, концертті абыроймен өткіземіз" деді. Сөйтіп 27 қазан сырқаттанып қалыпты. 28 қазанда таңертең ауруханаға барып, анамды көреміз деп отырғанбыз. Барсақ, дәрігерлер келді де: "Анаңыз қатты нашарлап кетті, үзіліп кетті", - деді. 28 қазан таңғы 10:30-да жеткізді, дейді қызы.Құрманай Бақтиярқызы өлерінің алдында аманатын жеткізіп үлгеріпті.
Анамның маған тастаған екі аманаты бар: інім мен сіңлім. Оларды құтты орнына қондыруым керек, інімді үйлендіруім керек. Анамның армандарын бірге отырып блокноттарға жазатынбыз. Анамның армандары өте көп еді. Мешіт салсам, ата-анаммен, балаларыммен бірге қажылыққа барып келсек дейтін. "Қызым, осыдан жазылып кетсем, сол жаққа қарай көшеміз бе?" деп анам күлуші еді. Өмірінің соңына дейін бәрімен хат алмасып тұрған. Тіпті ауылдағы жаңадан түскен келіндерінің бәрін шайға шақырып, өзінің кететінін білгендей, сезгендей өзінің бар шапанын үстілеріне жауып жіберген ғой. Анамның үйі, көлігі өзінің ұл-қызында қалды. Ұл-қыздары материалдық жағдайдан еш қиындық көрмейді. Бір өкініштісі – 2025 жылы 24 мамырда анам 50 жасқа толар еді. Сол сәтті көре алмай кетті... , - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
02.05.2026
17:30
Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімі: Тың деректе...
02.05.2026
16:09
Жібек Жолындағы үш адамның өлімі: Күдікті турал...
02.05.2026
15:27
«Айқайлап көмек сұрады»: Алматыда әйелге қаңғыб...
02.05.2026
14:08
Жеке клиникада салынған екпеден кейін 20 жастағ...
02.05.2026
13:11
“Зорлық көрсетті”: Танымал рэпер шоуда айтқан ә...
02.05.2026
13:04
Қазақмыс пен «Алматы» ӘКК ынтымақтастық туралы ...