Құрмаш Махан: “Баянсыз махаббатқа енді ән арнамаймын”

Әнші Құрмаш Махан 2000-жылдары бастан кешкен баянсыз махаббатына арнап талай ән жазғанын жасырмады. Бұл туралы ол “Хабар” арнасындағы “Алғашқы” бағдарламасында айтты. Соңғы туындысын жуырда ғана жазып бітірген, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Алайда композитор бұрынғы сезімге қайта оралу ойынан бас тартқанын мәлімдеді.
Мен сол адамды ойлап, қайғыруды артта қалдырдым. Қазір бақыттымын, өз өмірлік серігімді таптым. Бәрі Алланың қалауымен жүзеге асты. Ең бастысы — баянсыз махаббаттың себептерін түсіндім. Ол қыз басқа адамға тұрмысқа шықты, мен де өз бақытымды таптым, — деді әнші.
Құрмаш Маханның айтуынша, қазіргі жары оның өткендегі сезімі мен сол махаббатқа арналған әндерінің тарихын жақсы біледі әрі түсіністікпен қарайды. Әнші оны 40 жыл іздегенін де жасырмады. Тіпті, сол үмітсіз кезеңдерде болашақ жарына арнап арнайы ән жазған екен.
Үйленгеннен кейін оған бәрін ашық айттым. Ол кезде келіншегім: “Неге бұрынғысыңа үйленбедіңіз?” деп әзілдеді. Мен: “Онымен үйленсем, саған үйлене алмас едім” дедім. Оның шынайылығы мен адамгершілігі көңілімнен шықты. Сөйтіп, шын сүйіп, үйлендім, — дейді Құрмаш Махан.
Соңғы жаңалықтар





