«Құрметпен қарауы керек»: министр әуежайдағы дауда Бибігүл Төлегенованы жақтады
Кеше Халық әртісі, танымал әнші Бибігүл Төлегенованы ұшаққа өткізбей қойған Air Astana қызметкерлерінің ыңғайсыз әрекеті Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны да бейжай қалдырмады.
Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегенованы Air Astana әуе компаниясының бортына отырғызу кезінде болған өте ыңғайсыз жағдай мені де қатты алаңдатты. Әуе компаниясы бұл мәселеге қатысты түсініктеме беріп, әуе қауіпсіздігінің халықаралық ережелерін еске салды. Әрине, ұшақтың және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ережелер қатаң сақталуға тиіс. Дегенмен әуе компаниясымен пікір қайшылығына бармай-ақ, болған жағдайға байланысты өз ойымды білдіргім келеді. Нақтырақ айтқанда, әуе компаниясы мен оның қызметкерлері ішкі нұсқаулықтардан бөлек, қарапайым этиканы, адами қарым-қатынасты сақтап, өз клиенттеріне құрметпен қарауы керек деп есептеймін. Әсіресе, жасы үлкен жолаушыларға, Отан алдында айрықша еңбегі бар адамдарға ерекше құрмет көрсетілуге тиіс», - деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасына Аида Балаева.Оның айтуынша, аға буынға құрмет – тәрбие мен ішкі мәдениет мәселесі. Қандай жағдайда да оларға дөрекілік танытуға ешкімнің хақысы жоқ.
Ал қазақ өнерінің бұлбұлы, өнер майталманы Бибігүл Ахметқызына зор денсаулық, ұзақ өмір мен сарқылмас күш-жігер тілеймін! - деді министр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
01.11.2026
10:21
Жұмысқа кешіккендерге айыппұл салуға бола ма? М...
01.11.2026
09:22
«Мына сайқымазақты беріңдер»: Олимпиада чемпион...
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...