Қырғызстан мектептерінде ақша жинауға заңмен тыйым салынды
722
Қырғызстанда мектептерде заңсыз ақша жинағандарға қатаң шаралар енгізілді
Қырғызстанда мектептерде мәжбүрлі түрде ақша жинауға тыйым салатын заң қабылданды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл заңға ел президенті Садыр Жапаров қол қойды.
Заң мемлекет пен жергілікті қоғамдық білім беру ұйымдарында балалардың тегін білім алу құқығын жүзеге асыруға бағытталған. Енді мұндай ұйымдарда заңсыз және мәжбүрлі түрде қаржылық немесе материалдық қаражат жинауға тыйым салынады.
Мектептердегі осындай бұзушылықтарды анықтау және тиісті жазалау шараларын қолдану өкілеттігі ішкі істер органдарына берілді.
Sputnik агенттігінің мәліметінше, келесі айыппұлдар қарастырылған:
- мектептерде заңсыз ақша жинау үшін – 20 мың сом (121 мың теңге);
- мектеп жанындағы қоғамдық қорларды құру үшін:
- жеке тұлғаларға – 40 мың сом (242 мың теңге);
- заңды тұлғаларға – 60 мың сом (363 мың теңге).
Соңғы жаңалықтар
02.08.2026
17:16
Атырау облысының жаңа әкімі медицина саласын да...
02.08.2026
16:33
Ақмола облысында тірі зейнеткерді «өлді» деп т...
02.08.2026
15:17
Шалқардың экс-әкімі соттан құтыламын деп алаяққ...
02.08.2026
14:19
«Шектен шығып кеткен»: Асаба Сабыржан тағы да с...
02.08.2026
13:17
«Тұрмысқа шығайын деген өзім»: Алтынай Жорабаев...
02.08.2026
12:15
Испаниядағы жағдайдан кейін ЕО елдері шұғыл шеш...