Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров отставкаға кетті
Бүгін, 16 желтоқсанда Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ақпарат көздеріне сүйенсек, Ақылбек Жапаров қызметінен кету туралы өтініш жазған. Оның себебі туралы әзірге ресми мәлімет жоқ.
Қазіргі уақытта жаңа премьер-министрдің кім болатыны белгісіз.
Айта кетейік, Ақылбек Жапаров 2021 жылдың 1 маусымынан 12 қазанына дейін Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Бұл лауазымда ол Экономика және қаржы министрлігін басқаруды қоса атқарды. 2021 жылдың 13 қазанынан бастап Министрлер кабинетінің төрағасы қызметіне тағайындалып, Қырғызстан президенті әкімшілігін басқарған.
Қырғызстан үкіметіндегі бұл өзгеріс елдегі саяси ахуалға қалай әсер ететіні алдағы уақытта белгілі болады.
Ақпарат 24.kz сайтынан алынған.