Қытайдың алпауыт компаниялары Шанхайда Қазақтелекомға екі бірдей халықаралық марапат табыстады

02.07.2026 18:15 Қанат Айбар
Қытайдың алпауыт компаниялары Шанхайда Қазақтелекомға екі бірдей халықаралық марапат табыстады
3
Фото: Қазақтелеком

Шанхайда өткен Азиядағы ең ірі Mobile World Congress 2026 технологиялық конгресінде Қазақтелеком екі беделді халықаралық марапатқа ие болып, Азия мен Еуропа арасындағы негізгі цифрлық көпір ретіндегі мәртебесін бекіте түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Жасанды интеллект пен мобильді байланыс саласындағы озық шешімдер таныстырылған көрмеде Қытайдың жетекші операторлары қазақстандық компанияның трансконтиненталдық инфрақұрылымды дамытудағы еңбегін жоғары бағалаған. Нақтырақ айтсақ, China Unicom Global отандық компанияны жаһандық байланыс саласындағы жылдың үздік серіктесі деп тапса, China Telecom ұйымы байланыс операторлары арасындағы ең үздік инновациялық серіктес марапатын берді.

Сала сарапшылары Қытай телеком нарығы көшбасшыларының бұл бағасы Қазақстанның жаһандық деректер транзитіндегі стратегиялық рөлінің күн санап артып келе жатқанын көрсететінін алға тартып отыр.

«Бірден екі халықаралық марапатқа ие болу – серіктестеріміздің жоғары сенімінің көрсеткіші әрі Қазақстанның Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды цифрлық көпірге айналып келе жатқанын дәлелдейді. Біз телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыта отырып, әлемнің жетекші операторларымен ынтымақтастықты кеңейту мен Еуразия кеңістігінің байланыстылығын арттыруға бағытталған жобаларды іске асырамыз», – деді Қазақтелеком АҚ Корпоративтік бизнес дивизионы халықаралық келісімдер департаментінің директоры Айнұр Байбатырова.

Ресми марапаттаудан бөлек қазақстандық делегация әлемдік байланыс нарығының ірі ойыншыларымен жабық екіжақты келіссөздер жүргізді. Швециялық Arelion Sweden, ресейлік Билайн мен Ростелеком, сондай-ақ Қытайдың негізгі операторларымен өткен кездесулерде Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік бағыттарды кеңейту, интернет-трафик алмасуды оңтайландыру және деректерді өңдеу орталықтарының желісін дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар тараптар процестерді автоматтандырып, желіні басқару тиімділігін арттыру мақсатында телекоммуникация саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша бірлескен қадамдарды айқындады.

Войдите, чтобы оставить комментарий