"Қыздар көре алмай жатыр": Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті

Танымал журналист Диана Скатова отбасылық өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Желі жұлдызы жақында тұрмысқа шығып, келін атанған еді. Журналист Айнұр Ілиясоваға сұхбат беріп, жан сырын ақтарды.
“Біздің танысқанымызға 7-8 жыл болған. Ол кезде бөпемін. “Қалаулым” бағдарламасының енді басталып жатқан кезі. Ал, махаббат хикаямыз жақында ғана басталды. Сол уақыт аралығында бір-бірімізге ешқандай сезім болған жоқ. Елдің тілегі де әсер еткен шығар. Тіпті өз әжем мен анам да Сұлтанды ұнатып, қосылуымызды қалаған екен. Тіпті Сұлтанның анасы да Сұлтаннан бұрын Диананы жақсы көріп қалдым", – деді журналист.
Сондай-ақ блогер тұрмысқа шыққан кезде хейттың астында қалғанын да жасырмады.
“Тұрмысқа шығатынымды жариялағанда өте көп негатив пікір естідім. "Сұлтанға лайық емессің", "Ол сенің теңін емес", "Қайтесің Диананы кіп-кішкентай қап-қара қыз", дегенді де оқыдым. Жеке өмірімді жариялағаным үшін осындай жаман сөздер естігенде таңғалдым. “Дианадан да керемет қыз саған лайық” дегендер де болды. Білмеймін, не болғанын. Бәлкім, қыздар көре алмай қалған шығар. Бірақ менің тарапыма ауыр жазып қойды. Бірақ ниеті түзу жандар шын жүректен бақыт тілеп жатты, – деп ағынан жарылды желі жұлдызы.
Соңғы жаңалықтар





