Қызды жабылып сабаған қыздар жеңіл жазамен құтылды

Қызды жабылып сабаған қыздар жеңіл жазамен құтылды
20.03.2025 21:02
0
556
Фото: видеодан кадр

Қызды жабылып сабаған қыздар жеңіл жазамен құтылды

8 наурыз күні Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде мектеп оқушылары арасындағы жанжал ауыр зорлыққа ұласты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жәбірленуші достарымен бірге жүрген кезде бұрынғы таныстарымен кездесіп, жанжал туындаған. Артынша сегіз жасөспірім қыз оған шабуыл жасап, бетінен ұрып, шашынан сүйреп, кастетпен қорқытқан.

Жәбірленушінің анасы полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғауды талап етті. Алайда құқық бұзушылардың біріне тек 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл шешімге көңілі толмаған анасы төбелеске қатысушылардың бірін бұрынғыдай арнайы мектепке қайтаруды талап етті.

Полиция істің тергеліп жатқанын, барлық қатысушылардың жеке басы анықталып, ата-аналары жауапқа тартылғанын хабарлады. Іс кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий