"Қыздың ажырасқанына оның анасы кінәлі": танымал әнші елден оңбай сөз естіді

Белгілі әнші әрі Жүгінісовтар әулетінің отанасы Айнұр Жүгінісова тағы да көпшіліктің назарын өзіне аударды. Көптің қызу талқысына түскен бұл жолғы мәлімдемесі қоғамда жиі айтылмайтын, бірақ өзекті мәселелердің біріне арналды.
Өнер иесі бұл пікірін сұхбат барысында ашық білдірген. Айнұр Жүгінісованың айтуынша, көп жағдайда ажырасқан қыздардың жағдайына олардың аналары тікелей ықпал етеді. Ол қазақ қоғамында қыз баланың емес, тек ауру адамның жағдайын сұрайтынына назар аударып, осындай әдеттің салдарынан отбасы ішіндегі үйлесімсіздіктердің пайда болатынын айтты.
«Қызымызды жіберіп аламыз, ертеңгі күні: “Доча, как ты?” деп сұраймыз. Сөйтіп-сөйтіп біреудің үйіндегі нәрсе келесі үйге проблема болып көше бастайды. Соңында екі құдағи мен құдалардың арасы суиды. Жастардың айырылысуына бұл үлкен себеп болады», — дейді Айнұр Жүгінісова.
Анасы қызының жағдайын біліп, кейін ол келіндік өміріндегі барлық жағдайды бөлісе бастаса, бұл бірте-бірте үлкен дау-жанжалға ұласуы мүмкін екенін ескертті. Екі жақты құда-құдағилардың арасы суып, ақырында жастардың екіге айырылуына дейін апаратынын айтты. Ол әсіресе жалғыз ұл немесе үйдің кенжесі туралы сөз қозғап, мұндай жағдайда отбасылық берекенің бұзылуы дәстүрлі шаңырақтар үшін ауыр соққы болатынын атап өтті.
Қыздарын қайтадан үйіне әкеп отырған аналардың көбеюі – бұл мәселенің қаншалықты өзекті екенін көрсетеді. Айнұр Жүгінісова ата-аналарға қыз баланың жат жұрттық екенін ескеріп, олардың отбасылық өміріне орынсыз араласпау қажеттігін жеткізді. Өзі де ана ретінде, тек қызы бақытты болған жағдайда ғана, оның өміріне араласпауға дайын екенін айтып, елге ой тастады.
Соңғы жаңалықтар




