"Қызғанып қалдық": Нұрболат Абдуллин бейтаныс қызбен вальс биледі
1333
Отандық эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин қазір Қазақстанның әр қаласын аралап, концерт беріп жүр. Өнер иесі күні кеше Қызылордада өткен ән кешінде көрерменмен вальс билеген.
Әнші концерттегі видео үзіндісін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда сахнада тұрған Нұрболат Абдуллиннің бірнеше нәзік жандымен вальс билегенін аңғаруға болады.
"Қызылорда болған соң қызыл көйлек кигенмен билеймін дегенмін ғой",- деп жазды әнші.
Желі оқырмандары видео астына түрлі пікір жазып қалдырды. Олар сахнада өнер иесімен билеген қыздардың арманы орындалды деп есептейді.
"Кеше неге Тараздың қыздарын биге шақырмадыңыз?","Қуаныш сыйлау оңай, ол - жылы сөз бен жылы жүз. Қыздардың бал-бұл жанған жүздері-ай", "Не деген бақытты қыздар, қызғанып қалдық", "Әр ән айтқанын, әр қимылын көріп отыра бергім келеді", "Әйелдер қуанып қалды", - деп жазды көпшілік.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...