«Қызметкерлердің қабағы қатулы, сөздері салқын»: Елена Әбдіхалықова мемлекеттік театрға өкпесін айтты

29.01.2026 16:45 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Қызметкерлердің қабағы қатулы, сөздері салқын»: Елена Әбдіхалықова мемлекеттік театрға өкпесін айтты
59
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Елена Әбдіхалықова

Композитор әрі әнші Елена Әбдіхалықова әлеуметтік желіде жазба жариялап, мемлекеттік театрда болған келеңсіз жағдай туралы баяндады. Бұл жөнінде ол Facebook парақшасында бөліскен, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иесінің айтуынша, марқұм Табылды Досымовқа арналған қойылымға арнайы шақырту алған. Тіпті театр әкімшілігі жеке қоңырау шалып, тағы да ескерткен соң, қуана барғанын айтады.

«Әдетте концерт пен спектакльдерге өзім билет сатып аламын. Бұл жолы арнайы шақырған соң әрі көптен бері осы қойылымды көргім келіп жүргендіктен, кептеліске қарамай асығып жеттім», – дейді ол.

Алайда театрға кіргеннен кейін түсініксіз жағдайға тап болған.

Партердегі қызметкер шақырумен келген көрермендерге орын жоқ екенін айтып, екінші қабатқа жіберген. Ал ол жақтағылар үшінші қабатқа бағыттаған. «Арнайы шақыру билетімен келдік, жоғарыда орын бар ма?» деген сауалға нақты жауап ала алмаған.

«Қызметкерлердің өңі суық, сөйлеген сөздері ауыр. Ақырында кері қайтуыма тура келді», – деп жазды композитор.

Осы жайттан кейін Елена Әбдіхалықова «онда не үшін шақырды?» деп ренішін білдірген.

Жазбасының соңында өнер иесі Табылды Досымовтың тағдырын да еске алып, кезінде талантты азаматтарды бағаламаған жүйеге қатысты ауыр ой қозғады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий