Қызметтік көлікпен 1,5 жастағы сәбиді қағып өлтірген полицейге қатысты сот отырысы басталмақ

15.07.2026 • 22:14 Қарақат АСЫЛОВА
Қызметтік көлікпен 1,5 жастағы сәбиді қағып өлтірген полицейге қатысты сот отырысы басталмақ
916
Фото: depositphotos.com

Ақтауда қызметтік көлікпен бір жарым жастағы баланы қағып, оның өліміне себеп болған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға биыл 13 мамыр күні 27-шағынаудандағы тұрғын үйдің ауласында болған. Тергеу мәліметінше, патрульдік жол талғамайтын көлікті басқарған полиция қызметкері кішкентай баланы қағып кеткен. Сәби оқиға орнында көз жұмған.

Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болмағаны анықталған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша жүргізілді.

Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс сот өндірісіне қабылданып, қарауға тіркелген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий