ҚызПУ студенттері әйел құқығын қорғайтын заңдарды мақтан тұтып, жатақхана балкондарына баннерлер ілді

ҚызПУ студенттері әйел құқығын қорғайтын заңдарды мақтан тұтып, жатақхана балкондарына баннерлер ілді
12.09.2025 19:00
0
4

Алматыдағы Қыздар педагогикалық университетінің студенттері әйел құқығын қорғауға бағытталған соңғы реформаларды қолдап, ерекше акция өткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ ақпарат порталы.

«Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері жатақхана балкондарына «Бүгін мен Қазақстанда сталкингтен қорғалғанмын», «Бүгін мен Қазақстанда “Алып қашудан” қорғалғанмын» және «Бүгін мен Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғалғанмын» деген жазулары бар баннерлерді ілді. Әр жазбада Қылмыстық кодекстің нақты баптарына сілтеме жасалған.

Айта кетсек, соңғы жылдары Қазақстанда әйелдерді қорғауға бағытталған бірқатар маңызды заң қабылданды. 2024 жылы некеге тұруға мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілді. Жақында сталкинг, яғни адамды еркінен тыс қудалау үшін де жауапкершілік қарастырылды.

Акцияға қатысушы, ҚызПУ студенті Шапенова Аяулым бұл заңдар арқылы әйелдің қоғамдағы рөлі бекітіліп, өзін қауіпсіз сезінетінін айтты.

«Бүгін мен Қазақстанда өзімді қауіпсіз сезіне аламын, әйелдің қоғамдағы рөлі біз ҚызПУ балкондарына ілген негізгі құқықтар мен заңдар арқылы бекітілген. Сонымен қатар, азамат ретінде біз құқықтардың өз жауапкершілігімізге тең екенін түсінеміз: заңдағы нормалармен бірге сол нормаларды санамызда да қалыптастыруымыз қажет. Әр адамның жеке жауапкершілігінен қоғамда заң мен тәртіп орнығады. Бүгінде Қазақстан өзгерістер бағытына бет бұрды, сонымен бірге қоғамдағы мәдениет те, әйелдің рөлі де өзгеруде», – деді Аяулым.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий