Қызылордада көршісі әйел мен қызын пышақтап өлтірді
1007
Қызылорда тұрғыны мен оның 34 жастағы қызы пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 7-нен 8 қаңтарға қараған түні болған. Полицияға оқиға туралы марқұмдардың көршілері хабарлаған. Патрульдік полиция экипажы дереу оқиға орнына келіп, күдіктіні қылмыс үстінде ұстады. Ол жәбірленушілердің көршісі болып шықты.
Адам өлтіру фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шарасы жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бақылауда ұстайды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...