Қызылордада сексуалдық құлдыққа түскен оқушы ісі бойынша тың дерек шықты

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Қызылордада мектеп оқушысының сексуалдық құлдыққа түсуіне қатысты екі іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, ол өткен аптада қызметтік іссапармен Қызылорда облысында болған.
"Тергеу барысын тыңдадым. Қазір қажет тергеу әрекеттері – жауап алу, беттестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу өте мұқият әрі егжей-тегжейлі жүргізіліп жатыр. Бұл істі біз бақылауда ұстап отырмыз. Кәмелетке толмаған қыздың қызметін пайдаланған адамдарға қатысты процессуалдық шешімдер қабылданады", – деді Әділов мәжіліс кулуарында.
Оның айтуынша, әзірге тергеу нақты күдіктілерді анықтамаған. Қазір тергеліп жатқан адамдардан куә ретінде, бірақ қорғануға құқығы бар куәгерлер ретінде жауап алынып жатыр.
2023 жылдың қыркүйек айында полиция қызды зорлаған және оның "клиенті" болған адамдарды анықтап, тексеретінін хабарлаған еді. Кейін Санжар Әділов полиция бұл іс бойынша тағы екі қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеген еді.
2024 жылдың тамыз айының басында жәбірленушінің анасы қызын сыныптастары мен олардың туыстары есірткі қабылдауға мәжбүрлеп, күшпен ұстағанын, ақша бопсалағанын, жезөкшелікпен айналысуға көндіріп, ұрып-cоғып қорлағанын айтқан еді.
Қызылорда қаласының соты бұл іс бойынша бірнеше адамға үкім шығарды. Ал 2024 жылдың маусым айында облыстық сот олардың апелляциялық шағымдарын қанағаттандырмай, үкімді күшінде қалдырды. Іс бойынша тоғыз айыпталушы кәмелетке толмағанды азаптағаны, жезөкшелікке тартқаны және ақша бопсалағаны үшін кінәлі деп танылып, жазаға тартылды.
Соңғы жаңалықтар





