"Қызым ішкиімсіз жатты, үстінде жиенім": Балқаштағы баланы азаптау ісі бойынша тың дерек айтылды

Балқашта 8 жастағы баланың азапталуына қатысты атышулы іс бойынша жаңа мәліметтер шықты. Күдікті ретінде қамауға алынған ер адамның жұбайы — Нәсіпгүл Айдынова — жәбірленуші баланың туған тәтесі болып шықты. Ол күйеуінің әрекетін зорлық емес, қорқыныштан туған рефлекс деп түсіндірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Айдынованың айтуынша, оқиға күні күйеуі кішкентай ұлын ұйықтатып, 8 жастағы жиені мен 4 жастағы қызын планшетпен ойнауға қалдырған.
«Күйеуім ашық тұрған есіктің жанынан өтіп бара жатып, қызымыздың ішкиімсіз, екі аяғын ашып жатқанын, ал үстінде — жиеніміз, оның да ішкиімі мен шортысы түсіп тұрғанын көреді. Сол сәтте шошып, жиенін итеріп жібереді де, қызымыздың денесін тексеріп, жарақат бар-жоғына қарай бастайды», — деді ол.
Оның айтуынша, ер адам баладан не істегенін сұрағанда, ол: «Бір-ақ рет тықтым», — деп жауап берген.
Айта кетейік, бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, баланың азапталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Соңғы жаңалықтар





