"Қызым оның әнін тыңдамаса, тамақ ішпейді": Баян Мақсатқазы Raim-ды жобасына шақырды

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы өзі ұйымдастырып жатқан "Алтын Ханым" байқауында қызы Алманың сүйікті орындаушысы Raim-ның басты қонақ болатынын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Баян Алагөзова Instagram парақшасында қызы Алманың Raim-ның шығармашылығына ерекше ықыласы барын жасырмады.
"Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де, Алма қызым Raim-ның әндерін тыңдамаса, тамақ ішпейді. Алдымен оның "Самая вышка" клипін қою керек. Содан кейін барып қызым аузына қасық апарады. Яғни, "Алтын Ханым" байқауында Алма қызымның сүйікті орындаушысы Raim хедлайнер болады. Ал Алиса қызым – кітаптың фанаты", – дейді Алагөзова.
Айта кетейік, 2024 жылдың тамыз айында продюсер екі қыздың анасы атанған еді. Кіші қызы Алманың өнерге жақын екенін айтқан еді.
“Екі жақ та музыканттар отбасы. Сол жетіп жатыр. Алма қызымыз музыканы қатты жақсы көреді. Енді тез арада пианино сатып алу керек”, – деп жазды продюсер.
Соңғы жаңалықтар





