"Анасы өлтірген": Абай облысында жоғалған қызға қатысты тың дерек шықты
Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыз өлі табылды.
30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды. Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып, анасы полицияға арыз түсіріпті.
Тіпті ауылдан Семей қаласына бармақ болып, "Қызым таксиге мініп кетті" деп өтірік мәлімет берген. Алайда полицейлер бейнебақылау камераларын түгел тексеріп, жоғалған әйелді таппады.
Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мәйітін жасырды деген күдікпен туған анасы ұсталды. Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлерімен қабылданған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы қыздың жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...
10.11.2026
19:19
Стендап-комик Нұрлан Сабуровтан Ресейге оралу ү...
10.11.2026
18:58
Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төле...
10.11.2026
18:36
Экономист ел экономикасының 4,5%-ға өсуін түсін...