Рұқсат етілмеген орынға қоқыс тастағандар қыруар айыппұл астында қалуы мүмкін
Экология министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп "Е-құрылыс" ақпараттық жүйесін күшейту аясында қалдықтарды түзушілердің (құрылыс компанияларының) құрылыс қалдықтарының қозғалысын бақылау тетігін пысықтап жатыр.
Қалдықтардың пайда болу көлемі және арнайы кәсіпорындармен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша шарттардың болуы туралы мәліметтерді осы жүйеде көрсету ұсынылады. Бүгінде нормативтік техникалық құжаттарға өзгерістер енгізіліліп жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әкімдіктермен бірлесіп құрылыс қалдықтарын жинау алаңдарын ұйымдастыру және қайта өңдеу бойынша қуаттарды ұлғайту жұмыстары жүргізілуде", - деді ведомство басшысы.
Сөзінше, 19 өңірде бұл жұмыс жолға қойылды және Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстарында жол карталары әзірленді.
Ерлан Нысанбаев азаматтар мен бизнес субъектілерінің санасын арттыру мақсатында белгіленген орындардан тыс жерлерде қоқыс шығарғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
"Экология министрлігі белгіленген орындардан тыс жерде қоқыс шығарғаны үшін айыппұлдарды ұлғайтуды көздейтін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер әзірледі. Мысалы, жеке тұлғалар үшін 50 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 100 АЕК-тен 750 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 АЕК-тен 2000 АЕК-ке дейін. ӘҚБтК-дегі осы түзетулер "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астананы және Республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы шеңберінде көзделген, ол бүгінде қоғамдық тыңдаудан өтті және көрсетілген түзетулер бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі", - деп атап өтті министр.
Ведомство басшысының дерегінше, былтыр қалдықтарды көму объектілері бойынша 29 тексеру жүргізіліп, шамамен 10 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...