Рахман Омар балаларының арасы онша емес екенін айтты

05.09.2025 22:48 Берік Арманов
Рахман Омар балаларының арасы онша емес екенін айтты
598

Актер Рахман Омар журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында өмірдегі үлкен өкінішін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Рахман Омар өзінің екі рет үйленгенін жасырмады. 

"Бір әттеген-айы бірінші некеден және екінші некеден туған балалары бір-бірімен араласпайды. Бірақ менімен араласады. Балалық эгоизм болады ғой. Қызғаныш бар шығар. Араласпай-ақ қояйықшы деді. Уақыт керек. Өзім асабамын, талай той басқарып жүрмін. Біз сияқты араласпай жүрген, кейін жақындасып кеткен көп отбасыны білемін. Сондықтан үмітсіз шайтан. Құдай қаласы ол күнге де жетерміз", - деді ол. 

Сонымен қатар тұңғышының өз отауын тіккенін де айта кетті.

"Үлкенім 28-де, екіншім 25 жаста. Одан кейінгі ұлым 10-сыныпқа көшті. Құдай берген 5 ұл, бір қызым бар. Алты баланың әкесімін. Тұңғыш ұлым үйленді. Қайын ата болып үлгердім, бірақ әлі ата болған жоқпын. Жастар асықпайды екен. Өздерінің философиялары бар", - деп таңғалды актер

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий