RaiM Ерке Есмаханның үлкен ұлына көлік сыйлады
1126
Әнші RaiM Ерке Есмаханның тұңғышына соңғы үлгідегі көлік сыйлады. Бұл жаңалықты Ерке Есмахан өзінің Instagram-дағы парақшасында бөліскен.
Міне, бүгін папасы Муслимге сыйлық жасап, қуантты. Көлігің құтты болсын, балам! Ақылды жігіт бол! Үмітімізді ақта! Артыңнан ерген ініңе үлгі бол! – деп жазды әнші.Одан кейін ұлының болмысының өзгеруіне ықпал еткен күйеуіне ел алдында алғыс білдірді.
Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады. Ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашып, қабілетін шыңдады. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады. Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген әке махаббатын сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, «Папа, мама» деп толыққанды отбасында өсіп жатыр, – деді Ерке Есмахан.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
09:40
«Екі бала іште қалып қойды»: Жетісудағы өрттен ...
29.09.2026
09:09
Шымкентте қылмыс әлемінің серкесі ұсталды
28.09.2026
22:56
Михаил Шайдоров ISU әлемдік рейтингінде екінші ...
28.09.2026
21:40
Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германияға б...
28.09.2026
20:32
Самарқандтағы шахмат Олимпиадасы: Қазақстан әйе...
28.09.2026
19:34
Семейде тіркемеге мінген «Өрмекші адам»: полици...