"Раушан көңілсіз": көпшілік Димаштың қарындасының үлкен тойы нашар өткенін айтты

09.08.2025 11:11
0
756
коллаж Sn.kz

Бүгін Шымкент төрінде Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің дүбірлі тойы өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Қуанышты мерекеде әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген бой көрсетті.

Сонымен қатар тогда екі жасты белгілі дуэт Мирас пен Құралай ортаға «Жас жұбайлар» әнімен алып шықты. Дүбірлі тойдың видеолары әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Алайда көпшілік тойдың ұйымдастырылуын сынға алып жатыр.

«Бастарды әрі-бері жұлқылап, не істеді?», «Ұйымдастырылу жағын қадағаласа болады ғой, әжелер әрі-бері жүріп, тойдың бәрін құртты», «Неткен көп бала-шаға, әркім өз баласына ие болмай ма?», «Әзірден Раушанның көңіл-күйі жоқ», «Шымкенттіктер осылай жасайды», деп жарыса жазды жұрт.

Айта кетейік, жас-жұбайларға тілектерін айтып, екі жақтың әулеті, өнер иелері жиналған. Салтанатты шарада Димаштың әжесі Миуа апай Раушан мен Ермаханға арнап жүрек тебірентер тілегін айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий