Раушан Құдайберген әйгілі испан әншісімен көрінді

Раушан Құдайберген әйгілі испан әншісімен көрінді
26.06.2025 20:01
0
157
Фото: instagram.com/raushan_kudaibergen

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген әлемге әйгілі испан опера әншісі Хосе Каррераспен түскен суретін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Астанада өткен атақты тенор Хосе Каррерастың шығармашылық кешінде Раушан мен олардың әкесі Қанат Айтбаев маэстромен естелік суретке түсіп үлгерді.

«Хосе Каррерастың шығармашылық кешінен. Бұл аңыз адаммен кездесіп, оның ғажайып өнерінен ләззат алғаным — мен үшін үлкен мәртебе. Ұзақ ғұмыр тілеймін, Хосе Каррерас!» — деп жазды Раушан өз парақшасында.

Желі қолданушылары бұл кездесуді ерекше атап өтті:

«Ғажап! Маэстро Хосе Каррерас сүйікті Қазақстанымызда! Тарихи сәт!», «Керемет сурет және тамаша мүмкіндік», «Тамаша кездесу. Ұмытылмас әсер»

Бұл сәт – әлемдік өнер мен қазақ тыңдарманы арасындағы рухани көпірдің жарқын көрінісі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий