Райым әкесіне көлік мінгізді

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Раймның әкесіне сыйлық жасағанын көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесі отбасымен бірге күйеуінің туған жері Оралға барғанын жеткізді.
“Күйеуім Алматыдан Оралға жап-жаңа көлік алып келіп, папамызға сыйға тартты. Игілігіңізге мініңіз, папа! Алла бұйыртса, ұлдарың саған да көлік мінгізетін күнге жетейік”, – деп жазды әнші.
Сондай-ақ Ерке Есмахан адамдарды адал болуға шақырып, тілек білдірді.
“Аллаға сансыз шүкір етемін! Бұл өмірдің бір сыры да, нақты қағидасы да жоқ екеніне көзім жетті. Тек түсінгенім, ішкі ойың мен сыртқы сөзің таза, шынайы, әрекетің адал болса болғаны. Сонда бұл жалған дүниенің бар жақсылығы өзіңе тартылады екен. Әлемнің әдемілігін көру өзіңізге, ұл қызыңызға, ұрпағыңызға молынан бұйырсын!”, – деді эстрада жұлдызы.
Соңғы жаңалықтар





