Ресей Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтарға өтемақы төлемеген ба?
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтау маңында құлаған AZAL әуе рейсіне қатысты Ресеймен өтемақы төлеу жөнінде жүріп жатыр деген келіссөздер туралы ақпараттан бейхабар екенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz сайты Kznews.kz-ке сілтемемен.
Оның сөзінше, қаза тапқандардың туыстарының бір бөлігіне өтемақы төленіп үлгерген, ал қалған жағдайлар қазіргі уақытта сот тәртібімен қаралып жатыр.
Бозымбаевтың айтуынша, өтемақы төлеуге байланысты негізгі жауапкершілік әзірбайжандық және ресейлік сақтандыру компанияларына жүктелуі мүмкін. Олар зардап шеккен азаматтарға көмектесуге дайын екенін білдірген.
«Жақын уақытта бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын. Барлық жолаушылар толық көлемде өтемақы алады. Ұлтына немесе азаматтығына қарамастан, барлық зардап шеккендерге төлем жасалуы тиіс», – деді ол.
Журналистер Ресей Қазақстанға өтемақы төлей ме деген сұрақ қойған кезде, вице-премьер мұндай ақпаратты естімегенін және бұл жөнінде нақты келісім туралы білмейтінін айтты.
Қанат Бозымбаев Қазақстан тарапы Әзірбайжанмен байланыста екенін және жағдайды бақылап отырғанын жеткізді. Ол өтемақы тек Әзірбайжан азаматтарына ғана емес, басқа елдердің жолаушыларына да бірдей берілуі керектігін атап өтті.
Сондай-ақ, оның айтуынша, кейбір төлемдердің кешігуі заң жүзінде нақты алушыларды анықтау сияқты рәсімдік мәселелерге байланысты болып отыр.
Соңғы жаңалықтар