Ресей Украина арқылы газ тасымалдауды тоқтатты
Ресей Еуропаға Украина арқылы газ транзитін тоқтатты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"Газпром" компаниясының мәлімдеуінше, 2019 жылы қол қойылған құжаттардың, атап айтқанда, "Газпром" мен "Нафтогаз Украина" арасындағы келісімдердің мерзімі 2025 жылғы 1 қаңтарда аяқталды.
"Украин тарапынан бұл келісімдерді ұзарту туралы бірнеше мәрте бас тартуына байланысты "Газпромға" Украина арқылы газ транзитін ұйымдастырудың техникалық және заңдық мүмкіндіктері берілмеді. Осы себепті, 1 қаңтардан бастап, Ресей газының Украина арқылы тасымалдануы тоқтатылды", – делінген компанияның мәлімдемесінде.
Ресейден Украина арқылы өтетін газ құбыры Словакия аумағына шығады. Словакия ресейлік газды бұрынғыдай алғысы келгенімен, Украина келісімдерді ұзартудан бас тартты. Осыған байланысты, Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Украинаға электр энергиясын жеткізуді тоқтататынын мәлімдеді.