Ресей Украинамен келіссөздерге алдын ала шарттарсыз дайын 

Ресей Украинамен келіссөздерге алдын ала шарттарсыз дайын 
27.04.2025 14:46
0
57

Ресей билігі Украинамен келіссөздерді бастауға қандай да бір алдын ала шарттарсыз дайын екенін жариялады. Бұл туралы 26 сәуір күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей басшысы Владимир Путин бұл ұстанымды 25 сәуірде Мәскеуде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен өткен кездесуде жеткізген. Сол кездесуде тараптар Ресей мен Украина арасында тікелей келіссөздер өткізу мүмкіндігін де талқылаған.

«Кеше Трамптың арнайы өкілі Уиткоффпен өткен әңгімелесу барысында Владимир Путин Ресей тарапы Украинамен келіссөздерді алдын ала ешқандай шартсыз қайта бастауға дайын екенін қайталап айтты», — деді Песков «Интерфакс» агенттігіне берген түсініктемесінде. Оның сөзінше, Путин бұл позициясын бірнеше мәрте білдірген.

Сол күні, 26 сәуірде Ватиканда Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескеннен кейін Франция президенті Эмманюэль Макрон да мәлімдеме жасап, «Украина тарапынан қарулы қақтығысты толық тоқтатуға дайындық бар» екенін хабарлады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий