Ресейде жүрген қазақтарға ескерту: заңдастыру мерзімі бітті
718
Бүгін Ресейде заңсыз жүрген мигранттардың өз мәртебесін заңдастыруы үшін берілген мерзім аяқталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ресей Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Енді 11 қыркүйектен бастап құжатын реттемеген шетелдіктер елден шығарылып, олардың Ресейге қайта кіруіне тыйым салынуы мүмкін. Сондай-ақ, олардың деректері бақылаудағы тұлғалардың тізіліміне енгізіледі.
Заңсыз жүрген азаматтар елден шығарылғанға дейін олардың бірқатар құқығына шектеу қойылады. Атап айтқанда, оларға некеге тұруға немесе ажырасуға, балаларын балабақшаға немесе оқу орындарына орналастыруға және көлік жүргізуге тыйым салынады.
Еске сала кетсек, сәуір айында Владимир Путиннің жарлығымен заңсыз мигранттарға құқықтық мәртебесін реттеу мүмкіндігі 10 қыркүйекке дейін ұзартылған болатын. Ресей ІІМ осы уақыт аралығында шетелдіктер үшін бұл процесті жеңілдету бойынша жұмыс жүргізгенін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...