Ресейден келген турист Қазақстанды ауылға теңеп, ауыр сөздер айтты

Ресейден келген турист Қазақстанды ауылға теңеп, ауыр сөздер айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.
Видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнероликтегі әйел қазақстандықтарды жалқау деп, елдің өзін ауылға теңеген.
- Бәрі жалқау сияқты. Ал «Қазақстан» деген осы ауылда интернет өте нашар, тіпті дұрыс жұмыс істей алмаймын, балалармен сабақ та өткізе алмаймын, интернет мүлдем нашар. Ашуланып отырмын, ертең кафеге барып, сол жерден жұмыс істеп көрейін деп шештім. Тағы қайда жұмыс істеуге болады? Ешқайда. Мұнда адамдар жұмыс істемейді, адамдарға интернет те қажет емес. Түсінбеймін. Шынымды айтсам, Қазақстанда бәрі жалқау сияқты әсер қалдырады. Атмосферасы – барынша босаңсуға арналған. Сіздер қашан жұмыс істейсіздер өзі?, – дейді әйел.
Соңғы жаңалықтар





